Алматыда монша кешендеріне арналған экологиялық талаптар талқыланды

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда атмосфералық ауаны қорғау және үшінші санаттағы нысандарға қойылатын жаңа экологиялық талаптарды енгізу мәселесіне арналған монша кешендерінің иелерімен кездесу өтті. Іс-шараны  Eco Almaty ЖШС мен  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Кездесудің негізгі тақырыбы – атмосфераға таралатын шығарындыларды азайтудың практикалық қадамдары және бизнесті жаңа стандарттарға дайындау. Тұрмыстық қызмет көрсететін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде монша кешендеріне ерекше назар аударылды.

Жиын барысында талаптарды орындау үшін қажетті шаралар талқыланды. Атап айтқанда, экологиялық таза отын түрлерін пайдалану, шығарындыларды тазарту жүйелерін орнату және жұмыс барысында экологиялық нормативтерді сақтау мәселесі қарастырылды. Қатысушылар жабдықтарды жаңғыртудың техникалық мүмкіндіктері, бейімделу мерзімдері мен қолдау тетіктері жөнінде сұрақтар қойды.

Eco Almaty мамандары жаңа талаптарды енгізу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын атап өтті. Осы аяда кәсіпкерлерге кеңес беру және қолдау қызметтері көрсетіледі. Негізгі мақсат – кәсіпкерлік қызметті шектеу емес, қаладағы ауа сапасын жақсартып, тұрғындар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру.

Кездесу барысында бірлескен жұмыс пен тұрақты диалог бизнес тұрақтылығын сақтай отырып, ең тиімді шешімдерді табуға мүмкіндік беретіні айтылды. «Атамекен» және Eco Almaty монша кешендерінің иелерін және өзге де нысандардың өкілдерін ынтымақтастыққа және тәжірибе алмасуға шақырды.

«Біз мұндай нысандардың жұмыс ерекшелігін жақсы түсінеміз және олардың жаңа талаптарға бейімделу жолдарын бірлесіп іздеуге дайынбыз», – деді Eco Almaty ЖШС бас директоры Марат Сембеков.

Алдағы уақытта талаптарды түсіндіру және бизнеске қолдау көрсету мақсатында тұрақты кеңестер мен кездесулер өткізу жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, үшінші санаттағы нысандарға арналған жаңа экологиялық стандарттар Алматыдағы ауа ластануын азайтуға, экологиялық технологияны дамытуға және шығарындылар нормативтерінің сақталуын бақылауға бағытталған. Бұл талаптар 2027 жылдың басынан бастап заңды күшіне енеді.

Оқи отырыңыз:  Алматы әкімі OpenAI компаниясымен жасанды интеллект пен қаланы цифрлық трансформациялау мәселесін талқылады

Новости партнеров