Алматыда кәсіпкерлікті қолдау және дамыту шаралары талқыланды

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Қанат Шарлапаевпен кездесті. Кездесу барысында мегаполистегі кәсіпкерлікті дамыту, іскерлік ахуалды жақсарту және бизнеске қолдау көрсету мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дархан Сатыбалдының айтуынша, шағын және орта бизнес қала экономикасында маңызды рөл атқарады. Бүгінде Алматыда 400 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді, онда бір миллионнан астам адам еңбек етеді. Оның айтуынша, шаһарда кәсіпкерлікпен айналысуға қолайлы жағдай жасау — әкімдік қызметінің басым бағыттарының бірі.

Өз кезегінде «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Қанат Шарлапаев Алматы еліміздегі кәсіпкерлікті дамытудағы негізгі орталықтардың бірі екенін атап, қаланың, әсіресе туризм саласында одан әрі дамуға айтарлықтай әлеуеті бар екенін жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Алматыда қолайлы іскерлік орта қалыптастыру және кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастығы арасындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығына назар аударды.

Оқи отырыңыз: Алматы хайуанаттар бағына Жаңа Гвинеядан алып кесірткелер әкелінді

Новости партнеров