Алматыда «Батыс қақпасы» полиорталығында жаңа мектептер, балабақшалар, емхана және саябақтар салынады

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қаланың полиорталықтық даму тұжырымдамасы аясында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және сапалы қоғамдық кеңістіктер қалыптастыру жұмыстары жалғасуда, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қала әкімдігі «Батыс қақпасы» полиорталығында жүзеге асырылатын жобаларды қарастырды. Қала бюджеті есебінен салынатын нысандармен қатар, құрылыс компаниялары әлеуметтік жауапкершілік аясында өз қаражатына бірқатар әлеуметтік нысандар тұрғызады.

Жобалардың эскиздері мен іске асыру мерзімдері бекітілді. Жоспарға сәйкес, 2027 жылы Б. Момышұлы көшесі, Мөңке би көшесі, Ф. Оңғарсынова көшесі және Т. Рысқұлов даңғылы аралығында әрқайсысы 1800 орындық екі мектептің, жалпы 740 орындық үш балабақшаның, заманауи емхананың және жаңа саябақтың құрылысы аяқталады.

Екінші кезеңде, 2028–2029 жылдары тағы 1200 орындық бір мектеп, екі балабақша, музыкалық мектеп және екінші саябақ пайдалануға беріледі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, әлеуметтік нысандар тұрғындар қажеттілігі туындағаннан кейін емес, алдын ала салынуы тиіс. Әрбір полиорталық тұрғындарға қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастырып, инфрақұрылым сапасы мен сәулеттік келбеті жағынан қаланың тарихи орталығынан кем түспейтін, заманауи деңгейде дамытылады.

Оқи отырыңыз: Азия Олимпиадалық кеңесінің делегациясы Алматының 2029 жылғы қысқы Азия ойындарына дайындығымен танысты