Алматыда заңсыз салынған «Береке» базары сүрілді

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы

Жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Қалалық жоспарлау және урбанистика бақылау басқармасы Гоголь көшесі, 173 мекенжайында орналасқан заңсыз «Береке» базарының сүрілгенін айтты, - деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Базардың сауда орындары меншік иесі тарапынан рұқсатсыз салынған. Жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген.

Алайда нұсқама талаптары орындалмағандықтан, Басқарма заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап-арызды мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа жолдады.

Сот өздігімен салынған сауда орындарын бұзу туралы шешім қабылдап, кейін бұл шешім орындау үшін Әділет департаментіне жіберілді.

Меншік иесі бірінші сатылы сот шешімін орындау мақсатында нысанды өз еркімен бұзды.

Оқи отырыңыз: Алматыда үздік медицина қызметкерлері марапатталды