2026 жылы 27 маусым күні сағат 14:00-де Алматыдағы Almaty Theatre концерт залында (әл-Фараби даңғылы, 30) республикалық «Бес Асыл» ұлттық өнер сайысы – айтыс өтеді. Ұлттық сөз өнерін ұлықтайтын бұл мәдени іс-шарада Астана және Алматы қалаларының үздік айтыскерлері сахна төрінде өзара сөз сайыстырып, өнер көрсетеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Айтыс кешін белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтай жүргізеді. Ал қазылар алқасына қазақ айтыс өнерінің көрнекті тұлғасы, айтыстың абызы Жүрсін Ерман төрағалық етеді.
«Бес Асыл» ұлттық өнер сайысы – төл өнерімізді дәріптеп, айтыс дәстүрін насихаттауға, ұлттық руханиятты жаңғыртуға бағытталған маңызды мәдени іс-шара.
Күні: 27 маусым 2026 жыл
Уақыты: 14:00
Орны: Almaty Theatre (әл-Фараби даңғылы, 30)
Оқи отырыңыз: Алматыда Сейфуллин мен Масанчи көшелері қалай өзгереді