Алматыда жаңа жазғы ашық аспан астындағы фестиваль басталады

03.06.2026 17:23
пресс-служба акима Алматы

Биыл жазда «Алатау» дәстүрлі өнер театры музыка, гастрономия және креативті индустрияны біріктіретін жаңа фестивальдік жоба – ALMATY SUMMER FEST өтетін алаңға айналады. Бұл туралы Алматы қаласы Мәдениет басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Жаз бойы мұнда танымал өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар қатысатын Open Air форматындағы концерт ұйымдастырылады. Жоба қала тұрғындары мен қонақтарының мәдени демалысына арналған жаңа алаң болуды мақсат етеді.

Фестиваль 6 маусым сағат 18:00-де салтанатты түрде ашылады. Бұл кеште Қайрат Нұртас, Луина, Айдана Меденова, ALFA тобы, Ұланғасыр Қами, Аман Ахмет, Arsenaleen, IGIGAI, Akbotiz, DJ Akhmetoff, сондай-ақ «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артистері өнер көрсетеді.

Концертпен қатар, қонақтар үшін интерактивті аймақ, ойын-сауық алаңы және барлық жастағы келушіге арналған түрлі іс-шара ұйымдастырылады.

Алматы қаласы Мәдениет басқармасы өкілдерінің мәліметінше, фестиваль қаланың мәдени өмірін дамытуға, шығармашылық бастамаларды қолдауға және жаз мезгілінде отбасылық демалысқа қосымша мүмкіндік жасауға бағытталған.

Оқи отырыңыз: Рәміздерге құрмет – күнделікті міндет: Алматыда бірқатар заңбұзушылық анықталды