Алматыда қоғамдық тамақтану нысандарының шығарындыларына бақылау күшейтіледі

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қоғамдық тамақтану орындары мен жеке сектордан атмосфераға тарайтын шығарындыларды азайту жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС өкілдері хабарлады, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Мониторинг аясында Бостандық ауданындағы 17 қоғамдық тамақтану нысаны тексерілді. Оның екеуіне түтін шығарындыларын тазартатын сүзгілер орнатылған. Қалған 15 нысанға сүзгі орнату жұмыстары 2026 жылдың соңына дейін жоспарланған.

Сонымен қатар сегіз нысанда түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кәсіп иелеріне экологиялық талаптарды сақтау және атмосфералық ауаға кері әсерді азайту бойынша ұсыныстар берілді.

Қалада мониторинг және түсіндіру жұмыстары Алматы қаласының атмосфералық ауаны қорғау қағидалары аясында тұрақты түрде жүргізіледі.

Оқи отырыңыз: Алматыда Яссауи көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады