Алматыда халықаралық шеберлік дәрісі аясында 14 ота жасалды

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы Адам репродукциясы орталығында гинекологиялық хирургия бойынша халықаралық шеберлік дәрісі өтті. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері хабарлады, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бағдарлама аясында теориялық дәрістер, клиникалық жағдайды талдау және заманауи әдістерді тәжірибеде көрсету қарастырылды. Қатысушылар емдеу тәсілдерін талқылап, тәжірибе алмасты.

Сарапшы ретінде елдің жетекші акушер-гинеколог дәрігерлері қатысты.

Шеберлік дәрісіне Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ Өзбекстан, Түрікменстан және Ресейден келген 250-ден астам дәрігер қатысты.

Екі күнге созылған практикалық бөлім барысында заманауи эндоскопиялық технологияны қолдана отырып, 14 ота жасалды.

Мұндай іс-шаралар медицина мамандарының біліктілігін арттыруға және денсаулық сақтау жүйесіне озық емдеу әдістерін енгізуге ықпал етеді.

Оқи отырыңыз: Алматының Түрксіб ауданы ескі үйлерді біртіндеп жаңартып жатыр

Новости партнеров