Алматыда Ақан Сері көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақан Сері көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Осыған байланысты 14 шілде сағат 20:00-ден 19 шілде сағат 06:00-ге дейін Сейфуллин даңғылынан Котельников көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы толықтай жабылады.

Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту жол белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген ақпараттық тақта орнатылады. Жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Еске салайық, жол қозғалысына енгізілген барлық уақытша шектеу туралы ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларда, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс Карталар» қосымшаларында жарияланады.

Оқи отырыңыз: Алматыда 294 мыңға жуық оқушы жазғы демалыспен қамтылды