Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Depositphotos
Depositphotos
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамақаев көшесінің бір бөлігінде жол жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

27 наурыз сағат 23:00-ден 30 наурыз сағат 06:00-ге дейін Нұрлыбаев көшесінен Иванилов тұйығына дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толықтай жабылады.

Бұл аумақты Нұрлыбаев көшесі, Иванилов көшесі және Иванилов тұйығы арқылы айналып өтуге болады.

Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту жол белгілері, сондай-ақ мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады. Маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, көлік қозғалысын шектеуге қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталар» сервистерінде жарияланады.

Оқи отырыңыз: Алматыда әлеуметтік бизнесті қолдау кеңейіп келеді

Новости партнеров