2026 жылы 3–14 тамыз аралығында Алматының жеті ауданының аумағында жылу желілеріне гидравликалық сынақтың екінші кезеңі өтеді. Бұл туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС мамандары айтты, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Магистральдық және тарату құбырларына жүргізілетін тексеру барысында күн сайын сағат 04:00-ден 07:00-ге дейін қала тұрғындары мен қонақтарына сақтық шараларын қатаң сақтау ұсынылады.
Қауіпсіздік шараларының сақталуына қарамастан, кейбір учаскелерде судың жер бетіне шығуы немесе жол жабынының ішінара бұзылуы сияқты кезектен тыс жағдай орын алуы мүмкін.
Мұндай жағдайда ешқандай әрекетті өз бетіңізше жасамауыңызды, оқиға орнынан дереу кетуіңізді және бұл туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-не мына телефондар арқылы хабарлауыңызды сұраймыз: 351-27-62 (тікелей нөмір), call-орталығы: 341-07-00 немесе 341-07-77 (ішкі нөмірлері 1011 немесе 1014), сондай-ақ 109 бірыңғай байланыс орталығы.
Жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізу кестесі
3 тамыз
* Алатау ауданы: Мөңке би көшесі – Бауыржан Момышұлы көшесі – Райымбек даңғылы – Фариза Оңғарсынова көшесі.
* Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр көшесі – Тимирязев көшесі – Шагабутдинов көшесі – Розыбакиев көшесі.
3–4 тамыз
* Алмалы және Жетісу аудандары: Бөгенбай батыр көшесі – Мұратбаев көшесі – Мақатаев көшесі – Сейфуллин даңғылы – Тобаяқов көшесі – Желтоқсан көшесі – Мәметова көшесі – Абылай хан даңғылы.
3–14 тамыз
Бостандық ауданы:
* Асқаров көшесі – Мирас шағынауданы – «Алматы» шипажайы – Саин көшесі – әл-Фараби даңғылы – Қазақфильм шағынауданы – Рысқұлбеков көшесі – Каблуков көшесі – Бәсенов көшесі – Өтепов көшесі – Розыбакиев көшесі – Жароков көшесі – Алмагүл шағынауданы – Қожанов көшесі – ҚазҰУ – Тимирязев көшесі – М. Ганди көшесі – Назарбаев даңғылы.
* Лисянский көшесі – Розыбакиев көшесі – Жароков көшесі – Эксперименттік база – Қожанов көшесі – әл-Фараби даңғылы – Алмагүл шағынауданы.
* Орбита-1, Орбита-2, Орбита-3 және Орбита-4 шағынаудандары – Саин көшесі – Рысқұлбеков көшесі – Розыбакиев көшесі – Үлкен Алматы өзені – Өтепов көшесі – Жароков көшесі – Бәсенов көшесі.
Медеу ауданы:
* Тайманов көшесі – Чайкина көшесі – Достық даңғылы – Меңдіқұлов көшесі – әл-Фараби даңғылы – Жолдасбеков көшесі – Достық даңғылы – Байжанов көшесі – ІІМ шипажайы.
4–5 тамыз
* Алмалы, Медеу және Жетісу аудандары: Сейфуллин даңғылы – Тобаяков көшесі – Назарбаев даңғылы – Мәметов көшесі – Уәлиханов көшесі – Әйтеке би көшесі.
* Әуезов және Алмалы аудандары: Қарасай батыр көшесі – Райымбек даңғылы – Яссауи көшесі – Емцов көшесі.
5 тамыз
* Наурызбай ауданы: Райымбек даңғылы – Жүнісов көшесі – Абай даңғылы – «Алтын Орда» базары.
* Алмалы және Бостандық аудандары: Қабанбай батыр көшесі – Жандосов көшесі – Варламов көшесі – Айманов көшесі.
* Жетісу ауданы: Айнабұлақ-1, Айнабұлақ-2, Айнабұлақ-3 және Айнабұлақ-4 шағынаудандары, Көкмайса шағынауданы, Ангарская көшесі – Мақатаев көшесі – Палладин көшесі – Павлодар көшесі.
5–7 тамыз
* Алмалы, Жетісу және Медеу аудандары: Сейфуллин даңғылы – Рысқұлов даңғылы – Жангелдин көшесі – Райымбек даңғылы – Құратов көшесі – Гоголь көшесі.
6 тамыз
* Жетісу ауданы: Құлагер шағынауданы (Серіков және Ратушный көшелері), Рысқұлов даңғылы – Жансүгіров көшесі – Тихов көшесі – Глазунов көшесі.
* Наурызбай ауданы: Проектируемая көшесі – Айтбаев көшесі – Райымбек даңғылы – Алты Алаш көшесі.
6–7 тамыз
* Әуезов, Наурызбай және Бостандық аудандары: Төле би көшесі – Сәтбаев көшесі – Әшімов көшесі – Ислам Кәрімов көшесі.
7 тамыз
* Алатау ауданы: Мөңке би көшесі – Бауыржан Момышұлы көшесі – Фариза Оңғарсынова көшесі – Зерделі шағынауданы.
* Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр көшесі – Өтепов көшесі – Розыбакиев көшесі – Байзақов көшесі.
10 тамыз
* Алатау ауданы: Райымбек даңғылы – Отырар көшесі – Рысқұлов даңғылы – Немирович-Данченко көшесі.
* Алмалы ауданы: Чокин көшесі – Петров көшесі – Қарасай батыр көшесі – Райымбек даңғылы.
10–11 тамыз
* Медеу, Алмалы және Бостандық аудандары: Гоголь көшесі – Курган көшесі – Сәтбаев көшесі – Чайковский көшесі.
11 тамыз
* Алатау ауданы: Аққайнар шағын ауданы – Мәмбетов көшесі – Үлкен Алматы каналының (ҮАК) оңтүстік жағы.
11–12 тамыз
* Алмалы және Бостандық аудандары: Әйтеке би көшесі – Назарбаев даңғылы – Шевченко көшесі – Желтоқсан көшесі – Сәтбаев көшесі – Сейфуллин даңғылы – Абай даңғылы – Досмұхамедов көшесі.
* Әуезов ауданы: Ұлықбек көшесі – Жандосов көшесі – Саин көшесі – Сәдуақасов көшесі.
12 тамыз
* Алмалы ауданы: Қарасай батыр көшесі – Ислам Кәрімов көшесі – Райымбек даңғылы – Масанчи көшесі.
12–14 тамыз
* Алмалы және Бостандық аудандары: Панфилов көшесі – Абай даңғылы – Желтоқсан көшесі – Тимирязев көшесі – Гоголь көшесі – Есентай өзені.
13–14 тамыз
* Әуезов және Алмалы аудандары: Қуанышбаев көшесі – Рысқұлбеков көшесі – Саин көшесі – Үлкен Алматы өзені.
14 тамыз
* Алмалы және Жетісу аудандары: Райымбек даңғылы – Бродский көшесі – Рысқұлов даңғылы – Сейфуллин даңғылы.
Аталған аумақтардың шекарасында тұратын барлық тұтынушылар үшін ыстық сумен жабдықтау толық көлемде сақталады.
Гидравликалық сынақ жылу желілерінің, олардың жабдықтарының техникалық жай-күйін тексеру және алдағы жылыту маусымына дайындық аясында құбыр желілеріндегі ақаулы учаскелерді анықтау мақсатында жүргізіледі.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз!
Оқи отырыңыз: Алматы әкімдігінің гранты бойынша 137 жас дәрігер резидентураны тәмамдады