Алматыда қаланың және бизнестің ішкі құндылықты дамыту мәселесі бойынша жүйелі диалог қайта жанданды

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда ішкі құндылықты дамыту, соның ішінде отандық кәсіпкерлікті қолдау жөнінде Алматы қаласы әкімдігі, мемлекеттік органдар және бизнес өкілдерінің ашық кездесуі өтті. Кездесу барысында қаланың жергілікті өндірістегі тауарлар мен материалдарға деген қажеттілігі, сондай-ақ қазақстандық компаниялардың қалалық жобаларды жүзеге асыруға қатысу мүмкіндіктері талқыланды. Жиын Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұловтың төрағалығымен өтті, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Іс-шара Алматы қаласы әкімінің мегаполис ұйымдарының сатып алу жүйесінде ішкі құндылықты дамыту жөніндегі жұмыс тобын құру туралы өкімін іске асыру аясында ұйымдастырылды. Кездесуге бизнес қауымдастық өкілдері, салалық бірлестіктер мен Алматы қаласының «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Жұмыс тобының қызметіне жауапты орган ретінде Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы белгіленді. Бұған дейін уақытша тоқтатылған ішкі құндылықты дамыту бағытындағы жұмыстар қайта жанданып, жүйелі әрі тұрақты форматта жүргізіледі. 

Отырыста бюджеттік бағдарламалар әкімшілері отандық өндірістегі тауарлар мен материалдарға деген сұраныс жөнінде егжей-тегжейлі мәлімет қамтылған жылдық жоспарын ұсынды.

Сонымен қатар кездесуде қалалық инфрақұрылымды дамыту және жаңғыртуға бағытталған жоспарлар таныстырылды. Атап айтқанда, көшелерді көріктендіру, қоғамдық кеңістіктерді қайта жаңарту, субұрқақтар, спорт саябақтары және өзге де әлеуметтік маңызы бар нысандар салу жобалары сөз болды. Алматы қаласы әкімдігінің басқа құрылымдық бөлімшелері қатысатын мұндай кездесулер алдағы уақытта да жүйелі түрде өткізілетіні айтылды. 

Аталған формат отандық өндірушілердің сатып алу жайын үйлестіретін мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын нығайтуға, салалық мәселелерді қозғауға және өнімдерінің әлеуетін кеңінен таныстыруға мүмкіндік бермек.

Новости партнеров