Алматыда қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты Снегин көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Алматының Медеу ауданында 1989 жылы пайдалануға берілген ұзындығы шамамен 350 метр жылу құбыры жаңартылады. Бұл туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС мамандары айтты, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Осыған байланысты 2026 жылы 13 шілдеден бастап Самал-2 шағынауданындағы Снегин көшесінің Меңдіқұлов бульвары мен Достық даңғылы аралығында автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Шектеу көше астындағы құбыр желісін жоспарлы қайта жаңғыртуды қауіпсіз жүргізу мақсатында енгізіліп отыр.

Қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілетін кезеңде тұтынушыларға ыстық су беру тоқтатылмайды.

Аталған жылу желісі 8 көпқабатты тұрғын үйді, 1 мектепті, 2 балабақшаны және тағы 15 өзге нысанды жылу энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

Оқи отырыңыз: Алматыда ауыр жүк көліктеріне бақылау күшейтілді