Алматының Наурызбай ауданында төрт әлеуметтік нысан пайдалануға берілмек

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Наурызбай ауданында бірнеше білім беру нысанының құрылысы аяқталуға жақын. Бұл туралы аудан әкімдігінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

15 мектеп-интернатының құрылыс жұмыстары 99%-ға аяқталды. Негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, қазіргі уақытта іске қосу-баптау жұмыстары қолға алынған.

№174 мектепке салынған қосымша ғимараттың құрылысы 100%-ға аяқталды. Нысан қалалық Білім басқармасының иелігіне беріліп жатыр.

Сонымен қатар Нұрлы Дала және Құрамыс шағынаудандарындағы балабақшалар пайдалануға берілмек. Қазіргі уақытта ғимараттарды қажетті жабдықтармен жарақтандыру жұмыстары жүргізілуде. Ал Қалқаман шағынауданындағы балабақша 99%-ға дайын. Бүгінде сыртқы инженерлік желілерді жүргізу және аумақты көріктендіру жұмыстары аяқталып келеді.

Оқи отырыңыз:  Экологияны жақсартуға септігін тигізеді: Алматыда қызыл түсті электробустар қолданысқа берілді