Алматыдағы емханалардың бірінде туберкулездің алдын алу бойынша Ашық есік күні өтті

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы №11 қалалық емханада туберкулездің алдын алу және оған қарсы күрес айлығы аясында Ашық есік күні өтті. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл күні тұрғындар мамандардан кеңес алып, профилактикалық тексеруден өтіп, аурудың алдын алу шаралары туралы ақпарат алды. Медицина қызметкерлері ерте диагностиканың, дер кезінде ем қабылдаудың және тұрақты тексеріліп тұрудың маңызын түсіндірді.

Мамандар назар аудару қажет негізгі белгілерді айтты. Атап айтсақ, 2-3 аптадан астам уақытқа созылатын жөтел, әлсіздік, тез шаршағыштық, салмақ жоғалту, дене қызуының көтерілуі және түнгі тершеңдік. Мұндай белгілер байқалса, уақыт оздырмай дәрігерге жүгіну қажет. 

Сонымен қатар профилактика мәселесі де назардан тыс қалмады. Ересектерге сырқатты ерте анықтауға мүмкіндік беретін флюорографиялық тексеруден тұрақты түрде өтіп тұру ұсынылады.

Дәрігерлердің айтуынша, туберкулез әлі де өзекті мәселе болып отыр. Алайда дер кезінде анықталған жағдайда құлан-таза жазылуға болады. Мұндай іс-шаралар халықтың ақпараттану деңгейін арттырып, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Оқи отырыңыз: Алматыда ашық ота жасамай, жүрекке жоғары технологиялық ем жүргізілді

Новости партнеров