Алматыда көркемсөз оқудан қалалық байқау өтті

Almaty.tv
Almaty.tv

Байқауға Алматы қаласының әр ауданынан 15-30 жас аралығындағы 2 талапкерден қатысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы әкімі аппараты тілдерді дамыту және ономастика бөлімі «Көркемсөз оқу шеберлері» қалалық байқауын өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Байқаудың мақсаты көпшілікке көркем әдебиетті, қазақ қаламгерлерінің шығармашылық мұрасын насихаттау. Сондай-ақ жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту, қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген ықыласын арттыру.

Көрермен және құрметті қонақ ретінде мемлекеттік мекемелердің ресми өкілдері, зиялы қауым, ғалымдар мен ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері мен БАҚ өкілдері, әдебиет сүйер қауым, студент жастар мен оқушылар және т.б. шақырылды.

Байқауға Алматы қаласының әр ауданынан 15-30 жас аралығындағы 2 талапкерден қатысты.

Байқау прозалық шығармадан үзінді оқу; драмалық шығармадан үзінді оқу және поэзиялық шығарма (өлең) оқу кезеңдерінен тұрды. Ал қазылар алқасы құрамында белгілі әдебиетші ғалымдар, ақын-жазушылар мен өнер қайраткерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды. 

Байқау нәтижесінде М. Базарбаев атындағы №138 гимназиясының мұғалімі Зәкенов Қуандық Қайратұлы бас жүлдені иеленсе, Әл-Фараби атындағы № 145 мектеп-гимназиясының мұғалімі Нұртуған Мәжит 1-орын, № 13 мектеп-гимназиясының мұғалімі Досанов Рамазан 2-орын, № 206 мектеп-гимназиясының оқушысы Фариза Оңғарбай 3-орынды жеңіп алды. Сондай-ақ № 172 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Жібек Бейсен «Көрермен көзайымы» және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 3-курс студенті Жұлдыз Серікбай «Сұлу сөздің сүлейі» номинацияларымен марапатталды. Ал № 148 мектеп-гимназиясының оқушысы Алуа Аманбай мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 1-курс студенті Жақсыгүл Орынбай ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Оқи отырыңыз: Eurasian Film Market: елімізде ай сайын 15 фильм жарыққа шығады

Новости партнеров