Қозғалысқа екінші мүмкіндік: Алматыда науқасқа қайтадан жүріп-тұру қабілеті қайтарылды

Фото: УОЗ города Алматы
Фото: УОЗ города Алматы

Отадан кейінгі кезең науқаста асқынусыз өтуде

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында ортопедия саласындағы ең күрделі оталардың бірі — жамбас-сан буынына ревизиялық эндопротездеу кезекті рет сәтті орындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

70 жастағы науқас шұғыл түрде сол жақ сан сүйегінің протез маңындағы (перипротездік) ығысуымен жүрген сынуы диагнозымен ауруханаға жеткізілді. Бір жыл бұрын науқасқа жамбас-сан буынына эндопротездеу операциясы жасалған болатын.

Қайталанған жарақат пен орнатылған протездің болуы аурудың ағымын және алдағы хирургиялық араласуды едәуір күрделендірді.

Толық тексеру мен қажетті дайындықтан кейін науқас операцияға алынды. Хирургтар зақымданған протезді алып тастап, жаңа ревизиялық эндопротез орнатты. Операцияны травматолог дәрігер Даулет Чукманов жүргізді.

Мұндай операциялар жоғары технологиялы медициналық көмектің қатарына жатады және травматологтан аса жоғары дәлдік, терең білім мен мол тәжірибені талап етеді.

Дәрігерлер өзгерген анатомиялық жағдайда, тыртық тіндердің болуы және сүйек массасының азаюы жағдайында жұмыс істеуге мәжбүр болады. Бұл жаңа имплантты сенімді бекітуді айтарлықтай қиындатады. Қосымша қауіп-қатерлерге мүмкін болатын қан жоғалту, инфекциялық асқынулар және әсіресе егде жастағы науқастарда ұзақ оңалту кезеңі жатады.

— Ревизиялық эндопротездеу — әрдайым үлкен сынақ. Мұнда тек протезді ауыстыру емес, науқасқа қозғалыс еркіндігі мен өмір сапасын қайтара алу маңызды, — деп атап өтті травматолог Дәулет Чукманов.

Отадан кейінгі кезең науқаста асқынусыз өтуде. Ол ерте белсендіріліп, төсектен тұрғызылды және қазіргі уақытта қанағаттанарлық жағдайда ауруханадан шығаруға дайындалуда.

Новости партнеров