Референдумға дейін:
9
күн
5
сағат
29
минут

Жәнібек Солтанай: Жаңа Конституция бұл – болашақтың негізі

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Jas Stars жастар концерттік кеші өтті. Іс-шара барысында С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті ректорының кеңесшісі, Алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығы бас дәрігерінің орынбасары Жәнібек Солтанай жаңа Конституциясы жобасына байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

- Мен медицина саласында жүрген жас ғалыммын және бүгін жас дәрігерлер атынан сөз қозғағым келеді. Медицина тоқтап қалатын сала емес. Жаңа технологиялар, цифрлық шешімдер, биомедицина, дербестендірілген емдеу тәсілдері – мұның бәрі ғылымның нәтижесі. Егер ғылым дамымаса, медицина да алға баспайды. Сондықтан жаңа Конституцияда білім мен ғылымға, инновацияға басымдық берілуі – стратегиялық маңызы бар шешім, - деді ол.

Жас дәрігер 15 наурызда өтетін референдум бүгінгі ұрпаққа артылған жауапкершілік екенін айтты.

- Сондықтан референдумға қатысу – мен үшін азаматтық ұстаным. Жаңа Конституция бұл – болашақтың негізі, - деп атап өтті Жәнібек Солтанай.

Оқи отырыңыз: Алматылық театр Еуропадағы заманауи би фестивалінің ең ірі алаңдарының бірінде өнер көрсетеді

Новости партнеров