Алматыда жыл басынан бері 6 стихиялық қоқыс орны жойылды

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қаңтардан бастап 235 коммуналдық сенбілік өткізіліп, 2 653 тонна қалдық шығарылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қалдықтарды көмуге арналған бірде-бір полигон жоқ, деп хабарлады қалалық әкімдік өкілдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында, деп хабарлайды Almaty.tv.

Барлық қоқыс қалалық сұрыптау кешеніне, сонымен қатар Алматы агломерациясының аумағында орналасқан полигондарға шығарылады. Мәселе жыл сайынғы 440 мың тонна қатты тұрмыстық және шамамен 130 мың тонна құрылыс қалдықтары туралы болып отыр.

Қала тазалығына коммуналдық қызметтер мен тұрғындар да ынталы. 2023 жылдың қаңтардан бастап Алматыда 235 коммуналдық сенбілік өткізіліп, 2 653 тонна қалдық шығарылды.

Алматы әкімдігінің бейінді басқармаларының мәліметінше, жыл басынан бері қалада "Қазақстан Ғарыш Сапары" мониторингінің арқасында анықталған 6 стихиялық қоқыс орны жойылды. Алматы аумағында ұйым қызметкерлерінің үнемі аралау, тазалау және қоқыс жинауының арқасында санитарлық бақылау тиімді жүргізіледі.

Алматы әкімдігі тұрғындарды қалада тазалықты сақтауға шақырады: қоқысты арнайы жәшіктерге тастау, қоршаған ортаға бей-жай қарамау, қалдықтарды санатына сәйкес кәдеге жарату.

Айта кетейік, рұқсат етілмеген полигондар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Новости партнеров