Киіктерді атуға рұқсат берілуі мүмкін

Фото: photo.rgo.ru
Фото: photo.rgo.ru
Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, жануарларды аулау тәсілін қолданғаннан пайда болмаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда киіктердің санын тор құрып, аулап реттеу тәсілі нәтижесіз болып жатыр. Енді Экология министрлігі ақбөкендерді атуға көшпек, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ведомство басшысы Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, жануарларды аулау тәсілін қолданғаннан пайда болмаған. Оның үстіне, ауа райының қолайсыздығы киіктерді ұстауға кедергі келтірген көрінеді. Осы уақытқа дейін мамандар 90 бас құралай көзді жануарды қолға түсірген. Министрдің айтуынша, бұл сан тым аз. Сондықтан олардың санын атып реттеуден басқа амал жоқ екен.

– Бұрын киікті атпадық, киіктің санын реттеу мәселесі қарастырылмайтын, себебі олардың саны аз еді. Ал биыл киік саны өте көп, екі тәсілді қолданып, киіктің санын реттеу жұмысы қолға алынды, – деді ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.

2003 жылғы санақ бойынша Қазақстанда киіктің саны 21 мыңға әрең жететін. Сондықтан жануарды аулауға тыйым салынған. Ал жиырма жылдың ішінде 2 миллионға жуық артты. 300 мыңнан астам ақбөкен санын қысқарту керек.

– Ауылшаруашылық саласында диқандарға 12 миллиард теңгеден астам ақшаға залал келтіріп отыр. Ежелден келе жатқан реттеу тәсілі тиімсіз, – деді ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.

Новости партнеров