Каспий теңізінің қаншалықты таязданғаны ғарыштан көрсетілді

Instagram/azamat_sarsenbayev
Instagram/azamat_sarsenbayev
Теңізге мониторинг жүргізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

"Қазақстан Ғарыш Сапары" Ұлттық компаниясы АҚ белсенді түрде таязданып бара жатқан Каспий теңізінің жағдайына мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Мұрағаттағы ғарыштық зерттеу деректері бойынша, Каспий теңізінің қазақстандық акваториясының солтүстік бөлігінде теңіз түбі ашылған.

"Жерді қашықтан зондтау (ЖҚЗ) мәліметі бойынша кейінгі 15 жылда Каспий теңізінің Қазақстан секторының акваториясы айтарлықтай, 7,1% қысқарды", - делінген "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ баспасөз қызметінде.

Сонымен қатар ұлттық компания ҚР шекарасында 2008-2023 жылдар аралығында Каспий су бетінің ауданындағы өзгерістер динамикасын көрсетті.

"Атырау маңындағы бөлігінде (Жайық өзенінің атырауы) теңіздің үлкен көлемдегі жерлері таязданғаны байқалады", - делінген "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ баспасөз қызметінде.

Новости партнеров