|
19.07.2020 | 17:57
5542

Алматыда жасыл желектерді суару жұмыстары күшейтілді

Алатау ауданында қаланы көгалдандыру жұмыстарына 10 техника мен 20 адам жұмылдырылған

Алматыда жасыл желектерді суару жұмыстары күшейтілді Inform.kz

Алматыда күннің шамадан тыс ысуына орай көшедегі және саябақтағы жасыл желектерді суару жұмыстары күшейтілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Тек, Алатау ауданында қаланы көгалдандыру жұмыстарына 10 техника мен 20 адам жұмылдырылған. Мамандар ағаштарды суарудан бөлек, жаяу жүргіншілер мен көлік жүретін тас жолдарды да сумен шайып жатыр. Бұл  жолдарды тазалықта ұстап асфальт жамылғысының сапасын сақтауға мүмкіндік береді. Себебі күн ысығанда жолдардың жоғары қабаты балқып, асфальттың рельефі өзгеріп кетеді.  

«Қазіргі таңда өздеріңіз көріп отырғандарыңыздай, жұмыс күн батқанда жүргізіліп жатыр. Мұндай жұмыстар күніне екі рет жүргізелді: таңда және кешке. Өздеріне беліленген графиктері бар. Індет жүріп жатқандықтан,  адамдардың санитарлық нормаларды сақтауы қадағаланады. Апта сайын жиналыс өткіземіз. Жұмысын аяқтап, базадан шыққаннан кейін антисептикпен жуып шығады», – деді  Алатау ауданы әкімінің орынбасары Әділет Тоқтасынов.

Ал, Бостандық ауданында саябақтар, скверлер және көше бойындағы ағаштарды қосқанда барлығы 26 сурау обьектісі бар. Жасыл желекті көгалдандыру көлемі ауқымды болғандықтан мұнда техника саны мен жұмысшылар да көп. 12 арнайы көлік, 6 трактор және 7 мотопомпа жұмыс істеп тұр. Бұдан бөлек, ауданда су ағатын арық жүйелері де баршылық. 70-ке жуық маман шаһар көркін келтіруге өз үлесін қосып жүр.

«Жасыл желектерді суару процесінде әр түрлі әдістер қолданылады. Соның ішінде автоополив, қарапайым шлангы және арнайы суару құбыры әдістерін біз жиі қолданамыз. Күндізгі уақытта көше бойындағы ағаштарды суарсақ, ал түнде жасанды көгалдарға аса мән береміз», – деді мердігер компанияның директоры Бекзат Шуақов.

Алматы қаласы аумағында ресми тіркелген 184 саябақ бар. Оның ішінде аумағы үлкен деп саналатындардың саны –12. Қалалық жасыл экономика басқармасы өкілдерінің айтуынша,  ескі ағаштар әсіресе қаланың 4 ауданында көп.

«Бүгінде қаланың Алмалы, Бостандық және Әуезов аудандарындағы ағаштарды сурауға көп көңіл бөліп жатырмыз. Себебі бұл аудандар қаланың ескі бөлігіне кіретін болғандықтан, мұндағы ағаштар да апатты жағдайда. Жасыл желекті суару жұмыстарын біз жаз бойы жүргіземіз. Ал, шілде айында күшейтілген тәртіпте жұмыс істейміз», – деді  Алматы қалалық Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская.

Ал, алматылықтар болса, жасалып жатқан жұмыстарға көңіліміз толады, қала күн санап жасыл желегі жайқалған шаһарға айналып келеді дейді.

БЛИЦ:

– Қазіргі таңда Алматыға өте күш жұмсалып жатыр. Көпбеңбек, жап-жасыл болып тұр. Күнде суғарып тұрады. Оны көріп жатамын. Алматыны жақсы қарап жатыр қазір, өзімнің көңілім тояды.

– Көгалдандыру жұмыстары жақсы жүргізіліп жатыр бізде, мен осы жақын жерде тұрамын. Алматы әкімдігіне рақмет.

– Алматының талдарын әсемдеп, Арбатты қолайлы жасаған. Жүруге де ыңғайлы.

Жалпы қалада аумағы 851 гектар болатын 148 жасыл аймақ бар. Оның ішінде 12 саябақ пен 2 тоғай ерекше назарда. Жасыл желекті көгалдандыру жұмыстарына қажетті су – Үлкен Алматы мен Есентай өзендерінен алынады. Су шашатын машиналардан бөлек, ағаштарды суару жұмысы арық желісі арқылы да жүргізіледі.

Ұлағат Арғын, Қобылан Әлдибеков «Алматы»  арнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир