|
23.06.2022 | 18:03
1034

Арал теңізі бассейнінде тұратын адамдар патологиялық ауруларға ұшырап жатыр – сенатор

Бүгінде Аралдың 6 миллион гектары құрғап қалған

Арал теңізі бассейнінде тұратын адамдар патологиялық ауруларға ұшырап жатыр – сенатор Фото: ашық дереккөзден

Арал теңізі бассейнінде тұратын адамдар патологиялық ауруларға ұшырап жатыр. Бүгін сенаторлар бұл мәселеге қатысты Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың атына сауал жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Депутаттар Халықаралық Аралды құтқару қорының жұмысын жандандыруды, Орталық Азия елдерімен су-энергетикалық консорциум құру және құрғап қалған теңіздің түбіне жасыл желектерді отырғызуды ұсынып отыр. Бүгінде Аралдың 6 миллион гектары құрғап қалған.

«Арал теңізі бассейнінде тұратын адамдардың ағзасында өмірлік маңызы бар дене мүшелерінің функционалдық жай-күйінде өзгерістер анықталып, тіпті, патологиялық аурулардың дамуы байқалуда. Осылайша, Аралдың кебуі планетарлық ауқымдағы экологиялық қасірет болып отыр. Ең алдымен осы экологиялық дағдарысты шешуге халықаралық қорлар мен ғылыми орталықтарды тарту қажет», – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир