Қазыбек Тауасарұлы, 27 мекенжайда орналасқан №189 мектеп ауласында заңсыз ағаш кесу фактісі расталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Экология және қоршаған орта басқармасына мектеп атынан өтініш келіп түспеген, демек,ағаш кесуге рұқсат берілмеген.
Құқық қорғау органдарының қатысуымен бірлесіп қосымша тексеру кезінде жапырақты 4 ағаштың кесілгені анықталды. Сондықтан басқарма тарапынан Бостандық ауданының полиция басқармасы мен Алматы қалалық табиғатты қорғау полициясына ҚР заңнамасына сәйкес шара қолдану жөнінде хат жіберілді. Келтірілген шығын көлемі – 110 АЕК, орнына отырғызуға міндетті ағаш саны 200 бірлікті құрайды.
Дереккөз: Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы