Экологтар: Сорбұлақ су қоймасы апат тудыруы мүмкін

Экологтар: Сорбұлақ су қоймасы апат тудыруы мүмкін
Тоғанның сыйымдылығы 996 миллион текше метр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тұрғындардан жиналатын қаражат қоқыстарды сұрыптап, қайта өңдеуге жұмсалуы тиіс. «Қазэкология» республикалық ғылыми-өндірістік орталығында өткен отырыста экологтар осындай ұсыныс айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мамандардың айтуынша, қоқыс тасушы ірі компаниялар ай сайынғы тариф құнын жоғарылатқанымен, олардың қызметінің сапасы көңіл көншітпейді. Себебі мұндай мекемелер тек қалдықтарды полигонға тасымалдаумен ғана айналысады. Сондай-ақ, жиында Алматы ауасының ластануы, ағаштардың заңсыз кесілуі мен қоқыстың көбеюі мәселелері де сөз болды.

«Дөңгелек үстелде Алматы қаласының атмосфералық ауаның ластануы, су айдындарының ластануы, сонымен қатар топырақ жамылғысының ластануы және де су айдындарының ластануы, соның ішінде Сорбұлақ көлінің мәселесі қарастырылып жатыр», – деді Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ кафедра меңгерушісінің орынбасары Айна Рысмағамбетова.

Мегаполистің кәріз суы жиналатын Сорбұлақ су қоймасы еншілес жатқан ауылдарға үлкен қауіп төндіреді. 50 жылға жуық қызмет еткен тоғанның сыйымдылығы 996 миллион текше метр. Бүгінде су көлемі бұдан әлдеқайда көп дейді мамандар. Сондықтан үздіксіз келіп құятын қалдық су мен қар суынан қойма тасып, үлкен апат тудыруы мүмкін.

«Сорбұлақ жөнінде үлкен ерекше бағдарлама керек. Ол мәселені ел болып,Экология министрлігі Алматы қаласы, Алматы облысы болып, бірге отырып дөңелек үстелде, осы мәселені шешуі керек», – деді ҚХП баспасөз бөлімінің жетекшісі Гүлдана Нұрпейісова.

Новости партнеров