Қарағанды облысында автобус шығаратын зауыт салынады
m24.ru
Зауытта жылына 1 200 автобус және 500 арнайы техника шығарылады деп жоспарлануда
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қарағанды облысының Саран қаласында "Yutong" маркалы автобустар мен арнайы мамандандырылған техника шығаратын зауыт салынады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстанның премьер-министрі Асқар Маминнің өңірге сапары аясында тиісті меморандумға қол қойылды.
"Инвестиция көлемі шамамен 23 миллиард теңгені құрайды, 1 100 жаңа жұмыс орны ашылады, жылдық жобалық қуаттылығы – 1 200 автобус және 500 дана арнайы техника", – деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Бұл ҚР ішкі нарығын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар өнімдерді ЕАЭО елдеріне экспорттауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар үкімет басшысы "Сарыарқа" АЭА-ға барып, онда "Steel Manufacturing" ЖШС патрон зауытының бірінші кезегін іске қосты.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
16.09.2026 20:00
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
17.09.2026 09:04
17 қыркүйекке арналған валюта бағамы
17.09.2026 09:17
16 қыркүйекке арналған валюта бағамы
16.09.2026 09:37