Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының жарылған сәтінің видеосы желіде таралып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Repost.uz-ге сілтеме беріп.
Видео тікұшақтан түсірілген болуы керек. Кадрлардан су қоймасының шекарасы мен су жарылған жер көрінеді.
Бөгеттің бұзылуы салдарынан 276 шаршы шақырым су астында қалды, оның 76-сы Қазақстан территориясына тиесілі. Елде 10 елді мекен су астында қалып, эвакуацияланған тұрғындардың саны 30 мыңнан асты. Тек өсімдік шаруашылығына келтірілген зиян, алдын-ала мәліметтер бойынша, шамамен 404 миллион теңгені құрады.
Қазіргі уақытта Түркістан облысындағы жағдай тұрақтанды. Мақтаарал ауданының су басқан елді мекендеріндегі су деңгейі төмендеп жатыр. Аудандағы тағы жеті елді мекеннің тұрғындары үйлеріне қайта оралды.