|
03.06.2022 | 09:15
799

Елімізде орташа жалақы 285 мың теңгеге жетті

Ең төменгі орташа жалақы Солтүстік Қазақстан облысында төленеді – 203,4 мың теңге

Елімізде орташа жалақы 285 мың теңгеге жетті ашық дереккөз

2022 жылдың бірінші тоқсанында орташа айлық номиналды жалақы 285,4 мың теңге болды. Бұл алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 9,8 мың теңгеге көп, деп хабарлады Almaty.tv Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Тоқсандық кезеңде номиналды мән бойынша өсім Нұр-Сұлтан (-6,4%) және Алматы (-0,5%) қалаларынан, сондай-ақ Алматы облысынан (-1,9%) басқа барлық өңірде байқалды.

Ең төменгі жалақы Солтүстік Қазақстан облысында төленеді – 203,4 мың теңге, бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен 28,8%-ке төмен.

Әдеттегідей ең көп жалақы қаржы және сақтандыру қызметі (521,1 мың теңге) және кәсіби және ғылыми қызмет (416,4 мың теңге) салаларында байқалады.

Ауыл шаруашылығы мен өнер және ойын-сауық саласының қызметкерлері ең аз табыс табады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир