12 жыл бұрын ұрланған бала Мәскеуден табылды

Паша мен Миша Фото: әлеуметтік желіден
Паша мен Миша Фото: әлеуметтік желіден
Әкесі ұлын Минск қаласына апарып, олар осы 12 жыл бойы сонда тұрғаны белгілі болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мәскеуде 12 жыл бұрын ұрланған бала табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, жақында Ресей астанасындағы ХҚК қызметкері жасөспірімге төлқұжат алу үшін құжаттарды рәсімдеу кезінде оған баланың ұрланғаны және федералды іздеуде екендігі туралы хабарлама келген. Ол дереу полицияға хабарласқан.

Келген жедел уәкілдер баланың шамамен 12 жыл бұрын жоғалып кеткен 14 жастағы Павел екенін анықтаған.

"Полиция бөліміне із-түссіз жоғалып федералды іздеуде жүрген 2007 жылы туған кәмелетке толмаған Павел К. жеткізілді. Баланы іздеу ісі 2010 жылы, бала небәрі үш жаста болғанда басталған болатын. Оны әкесі ұрлап кеткен, кейіннен РФ Қылмыстық кодексінің 126-бабы "Адам ұрлау" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы уақыт бойы бала іздеуде болды", - дейді құқық қорғау органдары.

Полиция баланы Ресейдің түкпір-түкпірінен іздеген, бірақ нәтиже болмаған. Әкесі ұлын Минск қаласына апарып, олар осы 12 жыл бойы сонда тұрғаны белгілі болды.

Баланың айтуынша, оған қатысты заңсыз әрекеттер жасалмаған. Полиция қазір отбасының қиын жағдайын анықтап, тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Новости партнеров