Қазақстанда астық импортына тыйым салу мерзімі ұзартылды

© iStock
© iStock
Бидай лицензияланған элеваторлар арқылы ғана импортталады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ауыл шаруашылығы министрлігі бидай импортына салынған тыйымды ұзартты. Алайда жекелеген санаттарға бұл талаптың қатысы жоқ, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап. 

Сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2023 жылғы 10 тамыздағы шешімі негізінде «Қазақстан Республикасының аумағына автокөлік және темір жол көліктерімен бидай әкелуге тыйым салу туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі №337 бұйрығымен:

– 2023 жылғы 11 қазаннан бастап үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен автокөлікпен Қазақстан аумағына бидай әкелуге тыйым (СЭҚ ТН: 100119; 100199) 6 ай мерзімге ұзартылды;

– лицензияланған элеваторлардың, астық өңдеушілердің және құс шаруашылығы кәсіпорындарының атына бидай әкелуді қоспағанда, үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен темір жол көлігімен Қазақстан аумағына бидай әкелуге 6 ай мерзімге тыйым (СЭҚ ТН: 100119; 100199) белгіленді.

Осылайша, бидайдың кез келген тұтынушысы оны лицензияланған элеваторлар арқылы импорттай алады.

Сондай-ақ, енгізілген шектеулер Қазақстан аумағы арқылы бидайды темір жол көлігімен транзиттік тасымалдауға қолданылмайтыны аталып өткен.

Астық өңдеу және құс шаруашылығы кәсіпорындарының тізбесін «Атамекен» ҰКП қалыптастырады және жаңартып отырады. 

Оқи отырыңыз: Алматыда халықты жұмыспен қамту мәселелері қалай шешілуде

Новости партнеров