|
11.03.2021 | 10:23
508

Қазақстанның жалпы халықаралық резерві 900 млн долларға төмендеді

Ұлттық банктегі валюталық шоттарға 273 млн АҚШ долларының түсуі есебінен 178 млн АҚШ долларын құрады

Қазақстанның жалпы халықаралық резерві 900 млн долларға төмендеді kapital.kz

Қазақстанның жалпы халықаралық резерві 900 млн долларға төмендеді. Бұл туралы бгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Алтын-валюта резервтері алтын бағасының қорғаныш актив ретінде алтынға сұраныстың төмендеуі аясында бір унция үшін 1853 доллардан 1765 долларға дейін, 5 пайызға төмендеуі аясында алтын портфелінің 1 млрд АҚШ долларына төмендеуіне байланысты биылғы ақпанда 34,7 млрд АҚШ долларына дейін 830 млн АҚШ долларына төмендеді», – деді 2021 жылдың қаңтар-ақпанындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жайында баяндаған Ерболат Досаев. 

Оның айтуынша, еркін айырбасталатын валютадағы активтердің өсуі негізінен екінші деңгейдегі банктер қаражатының Ұлттық банктегі валюталық шоттарға 273 млн АҚШ долларының түсуі есебінен 178 млн АҚШ долларын құрады. 43 млн АҚШ доллары көлеміндегі мемлекеттік борышты төлеу және клиенттердің ұлттық банк шоттарындағы қаражатының азаюы екінші деңгейдегі банктер қаражатының түсу әсерін ішінара теңестірді. 

«Жалпы халықаралық резервтер ақпанда 92,36 млрд АҚШ долларына дейін 900 млн АҚШ долларына төмендеді», – деді Ерболат Досаев.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Janalyqtar tizbegi

Прямой эфир