|
01.02.2024 | 10:26
365

Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы болды

1 ақпанда Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының желтоқсанда бекітілген жаңа құрамы жұмысқа кірісті

Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы болды eec.eaeunion.org

1 ақпанда Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының желтоқсанда бекітілген жаңа құрамы жұмысқа кірісті. Бақытжан Сағынтаев ЕЭК алқасының басшысы болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтына сілтеме жасап. 

Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында жарияланған мәлімет бойынша, ЕЭК алқасының мүшелері (министрлер): 

ЕЭК-тің өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Гоар Барсегян; 

ЕЭК-тің ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министрі Варос Симонян; 

ЕЭК-тің бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович; 

ЕЭК-тің техникалық реттеу жөніндегі министрі Валентин Татарицкий; 

ЕЭК-тің кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Эльдар Алишеров; 

ЕЭК-тің экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов; 

ЕЭК-тің энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев; 

ЕЭК-тің интеграция және макроэкономика жөніндегі мнистрі Сергей Глазьев; 

ЕЭК-тің сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев. 

Айта кетейік 2022 жылғы 31 қаңтарда Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан босатылған. Сол жылы маусым айында Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі болды. Кейін Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық ынтымақтастығы қаржы-іскерлік қауымдастығының Бақылау кеңесінің төрағасы болып тағайындалған еді.

Оқи отырыңыз:  Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир