|
30.07.2019 | 12:09
5253

Елімізде ауылшаруашылық өнімі 7%-ға қымбаттады

Ал мал шаруашылығы өнімі - 0,2%ға арзандады

Елімізде ауылшаруашылық өнімі 7%-ға қымбаттады

2019 жылдың маусым айында ауылшаруашылық өнімдері 7%-ға қымбаттады. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады.

Ағымдағы жылдың маусым айын 2018 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда ауылшаруашылық құрылымдары өткізген ауыл шаруашылығы өнімі 7%-ға, өсімдік шаруашылығы өнімі - 9,6%-ға көтерілді. Ал мал шаруашылығы өнімі - 0,2%-ға арзандады.

Ағымдағы жылғы қаңтар-маусымда қарақұмық бағасы 3,3%-ға төмендеді, ал бидай - 18,9%-ға, арпа - 8%-ға, жүгері - 5,5%-ға, сұлы - 3,1%-ға, күріш - 1%-ға, қара бидай - 0,7%-ға өсті.

Қияр 13,5%-ға, картоп - 5,8%-ға, қызанақ - 1%-ға, асханалық сәбіз - 0,6%-ға, қырыққабат - 0,4%-ға арзандады, ал асханалық қызылша 4,9%-ға, басты пияз - 1,7%-ға қымбаттады. Баға кептірілген бұршаққа 22,6%-ға, күнбағыс тұқымына - 15,9%-ға өсті, ал кептірілген жасымыққа 3,5%-ға төмендеді.

Баға жылқы етіне 4,3%, ірі қара мал етіне - 3,7%, қой және шошқа етіне - 2,2%-дан, құс етіне - 0,9%-ға өсті. Тауық жұмыртқасы 17%-ға, бал - 3,8%-ға, қойдың жүні - 2,7%-ға арзандады, ал шикі сүт 1,2%-ға қымбаттады.


Дереккөзі: Бақ.кз.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир