Елімізде мұнай газ бағасы қымбаттайды

kn.ks.ua
kn.ks.ua
2023 жылдың 1 шілдесінен бастап
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда автогаз 4-6 теңгеге қымбаттайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Kolesa.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайт мәліметінше, оған газдың көтерме бағасы мен тасымал құны өскені себеп болды.

9 маусымда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанармай бекетіндегі газ бағасын 4 теңге көтеру туралы бұйрық жобасын жариялады. Кейін ол құжатты талқылаудан алып тастап, 26 маусымда агенттік газ бағасын белгілейтін жаңа жоба ұсынды, ол бойынша көгілдір отын құнын дифференциалды түрде литріне 4–6 теңге көтеру жоспарланған:

Астана қаласы, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Абай, Жетісу, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарында - 70–76 теңге;

Алматы қаласы, Алматы облысы, Солтүстік Қазақстан облысында - 75–81 теңге;

Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облысында - 50–54 теңгеге дейін;

Шымкент, БҚО, Қызылорда, Түркістан облысында - 60–64 теңге;

Жамбыл облысында - 65–71 теңге;

Павлодар облысы - 70–74 теңге.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бұйрық жобасында 2023 жылғы 1 шілдеден бастап елімізде сұйытылған мұнай газының көтерме бағасы 20 пайыз (33 600 теңгеден 40 320 теңгеге) өсетінін атап өткен. Соған сай бөлшек сауда бағасын 4 теңге көтеру қажет.

27 сәуірден бастап теміржол тарифі 28 пайыз қымбаттады. Сол үшін агенттік зауыттан шалғай өңірлерде жоғарыдағы 4 теңгеге тағы 2 теңге қосып, бекеттердегі газ бағасын бірден 6 теңге көтеруді ұсынып отыр.

Құжат жобасында бөлшек сауда бағасы нақты қашан өсетіні жазылмапты, бірақ алғаш жарияланған күнінен бастап күшіне енеді екен. Көтерме баға 1 шілдеден бастап өзгеретінін ескерсек, бекеттердегі бөлшек баға да сол күні өсетін шығар.

Биыл сәуірде Энергетика министрлігі газ құны бензин бағасының 70 пайызына жетуі керек екенін айтқан. Осыдан кейін Алматы қаласы, ШҚО, СҚО, Алматы және Абай облыстарында баға өзгерді. Енді бекеттерде көгілдір отын тағы қымбаттайды.

Новости партнеров