Қазақстан ОПЕК+келісімінің шарттарын орындауға дайын

inbusiness.kz
inbusiness.kz
Қазақстан мамыр-маусым айларында мұнай өндіруді тәулігіне 390 мың баррельге қысқартуға міндеттеме алған болаты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан ОПЕК+келісімінің шарттарын орындауға дайын. Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев ОПЕК+-тің министрлер мониторингі комитетінің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Энергетика министрінің айтуынша, мамыр айында ОПЕК+ келісімі аясында Қазақстан міндеттемелерді 71 проценке орындаған. Мамыр айының алғашқы 12 күнінде өндірудің жалпы көлемі 3,13 миллион баррельді құрады.

«Бұл тамыз және қыркүйек айларында қосымша қысқартумен өтелетін болады», –  деді Ноғаев.

Министр Қазақстан ОПЕК+ келісімін, оның мұнай индустриясына әсерін оң бағалайтынын атап өтті.

Айта кетейік, Қазақстан мамыр-маусым айларында мұнай өндіруді тәулігіне 390 мың баррельге қысқартуға міндеттеме алған болатын.

ОПЕК+ жаңа келісімі аясында мамыр айынан бастап екі ай бойы мұнай өндіруді тәулігіне 9,7 миллион баррельге дейін қысқарту жоспарланған. Ал 6 маусымда бұл шарт шілде айына ұзартылды.

Бұдан әрі қысқарту көлемі жыл соңына дейін тәулігіне 7,7 миллион баррельге дейін және 2022 жылғы сәуір айының соңына дейін 5,8 миллионға дейін төмендейді.

Мамыр-маусым айында өз міндеттемелерін толық орындамаған мемлекеттер мұны шілде-қыркүйек айларында өтеуге міндеттелді.


Новости партнеров