Алматы су мекемесінің тарифтері төмендетілді

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Бұдан әрі департамент бұйрығымен 21 шілдеде 2020 жылғы 1 тамыздан бастап кәсіпорын үшін тарифтерді төмендетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласында «Алматы су» мекемесінің су бұру қызметіне тарифтер төмендетілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Комитеттің Алматы қаласы бойынша департаменті «Алматы су» МКК-ның су бұру қызметтеріне тариф сметасының орындалуы туралы есепті қарау қорытындысы бойынша кәсіпорынға көлемнің төмендеуіне байланысты тарифтерді төмендетуге өтінім беру туралы хат жіберді. 

«Осыған байланысты, «Алматы су» МКК 7 шілдеде департаментке тарифті төмендетуге өтінім жолдады. Бұдан әрі департамент бұйрығымен 21 шілдеде 2020 жылғы 1 тамыздан бастап кәсіпорын үшін тарифтерді төмендетті», – делінген хабарламада. 

Осылайша, 2020 жылдың 1 тамызынан бастап су бұру тарифтері: 

I. халық санатына жататын жеке тұлғалар үшін тариф 0,09% - ға, яғни 23,12 теңге/м3-ден 23,10 теңге/м3-ге төмендетілді; 

II. бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар көлемінің шегінде жылу энергиясын берумен және бөлумен айналысатын кәсіпорындарға және сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін ұйымдар үшін, сондай-ақ жылу энергиясын берумен және бөлумен айналысатын кәсіпорындарға және сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін ұйымдар үшін тариф 0,66% - ға, яғни 31,69 теңге/м3-тен 31,48 теңге/м3-ке төмендетілді;

 III. бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар үшін және тұтынушылардың бірінші және екінші тобына кірмейтін өзге де тұтынушылар үшін тариф 1,45% - ға, яғни 64,01 теңге/м3-ден 63,08 теңге/м3-ге дейін төмендетілді. 

Айта кетерлігі, тарифтер Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы №90 бұйрығымен бекітілген тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес кәсіпорынның 2019 жылы сатылған қызметтерінің нақты көлемінің өсуіне байланысты төмендетілген.



Новости партнеров