|
03.12.2021 | 10:59
481

Теңге бағамы: Ұлттық банк 64,6 млн долларға интервенция жүргізді

Теңгеге қатысты ахуалға Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова түсініктеме берді

Теңге бағамы: Ұлттық банк 64,6 млн долларға интервенция жүргізді  Фото: ашық дереккөзден

Теңгеге қатысты ахуалға Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова түсініктеме берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

«Ұлттық Банк 2 желтоқсанда 64,6 млн АҚШ доллары көлемінде интервенция жүргізді. Бұл алыпсатарлық ахуалдың күшеюіне және айырбастау бағамының тұрақсыздандыратын ауытқуларына жол бермеуге мүмкіндік берді. Банктердің қысқа позицияларына және бейрезиденттердің шығуына байланысты қосымша сұраныс толық көлемде қанағаттандырылды», дейді ол.

Ұлттық банк өкілі 2 желтоқсанда биржадағы теңге-доллар жұбымен сауда-саттық көлемі 292 млн АҚШ долларына жеткенін, бұл 2020 жылғы сәуірден бастап рекордтық деңгейге жататынын айтады. Сауда-саттық көлемінің өсуі және бір доллар үшін 436 теңге белгісіне дейін бағамның әлсіреуі шетел валютасына сұраныстың артуы аясында орын алды, ол мынадай факторларға тікелей байланысты болды. Біріншіден, «Омикрон» штаммының таралуына қатысты алаңдаушылықтың артуына байланысты мұнай бағасының күрт құлдырауы себеп болды. Мәселен, 1 желтоқсанда Brent сұрыпты мұнайдың белгіленген бағасы бір баррель үшін 70 доллардан төмен түсіп, биылғы жылғы тамыздан бастап ең төменгі деңгей – 68,14-ке жеткен.  

«Екіншіден, мұнай бағасының жергілікті ең төменгі деңгейге дейін төмендеуі компаниялар мен жеке тұлғалар тарапынан шетел валютасына қосымша ішкі сұранысты туындатты, 1 желтоқсан Қазақстанда демалыс күні болғандықтан, сұраныстың бір бөлігі ЕДБ онлайн платформалары арқылы іске асырылды. Сондықтан жүйелері валютаны онлайн айырбастауға мүмкіндік беретін барлық банктер 2 желтоқсан күні таңертең «қысқа» позицияда болды, яғни олар жұмыс уақытынан тыс уақытта өз клиенттеріне сатылған валютаны сатып алуға мәжбүр болды», дейді ол.

Ал сұраныстың бір бөлігі сауда-саттық ашылғаннан кейін бірден биржа нарығына түсті. Сондықтан, кеше банктер өз клиенттеріне «қысқа» позицияны жабу және жаңадан келіп түскен өтінімдерді орындау үшін валюта сатып алған. Үшіншіден, шетел валютасына айтарлықтай сұраныс бейрезидент инвесторлар тарапынан да туындады. Дамушы нарықтардан валютаның жаһандық әкетілуі аясында бейрезиденттер теңгеден шетел валютасына кері конверттеді. Сұраныстың артуы банкаралық нарықтағы баға белгілеуге әсер етті, мұнда сатып алу бағамы бір доллар үшін 441 теңгеге дейін жетті.  

Шетел валютасына сұраныстың оның ұсынысынан айтарлықтай асып түсуі аясында валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында нарықтардағы жағдай құбылмалы болып қалуда. ФРЖ басшысы Дж. Пауэлдің сандық жеңілдету бағдарламасын барынша қысқа мерзімде тоқтату туралы соңғы мәлімдемесі аясында АҚШ долларының жаһандық нығаюы жалғасуда.

Туған қызынан теріс айналған ана І Шешімі бар

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир