Қазақстан биылғы жылдың І тоқсанында Германияға 300 мың тонна мұнай жеткізеді

SN.kz
SN.kz
Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, Германияға жылына 6 млн тоннаға дейін мұнай экспорттай аламыз
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылдың І тоқсанында Германия Федеративті Республикасына 300 мың тонна көлемінде мұнай тасымалдайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«ҚазТрансОйл» АҚ Ресей Федерациясы Энергетика министрлігінен 2023 жылдың I тоқсанында «Транснефть» ЖАҚ магистральді мұнай құбыры жүйесі арқылы «Адамова застава» мұнай бекетімен әрі қарай Германияға 300 мың тонна көлемде қазақстандық мұнай жеткізу бойынша растау қағазын қабылдады.

Бұл жөнінде Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі бекіткен ТМД мемлекет-мүшелерінің мұнайын Ресей Федерациясы аумағы арқылы мұнай құбырлары жүйесімен өтетін транзит кестесі жазбасында айтылған.

Мұнайдың аталмыш транзиті Қазақстан және Ресей үкіметтері арасында 2002 жылғы 7 маусымда жасалған арнайы келісімшарт негізінде іске асады.

Еске сала кетейік, өткен жылдың соңында «ҚазМұнайГаз» Қазақстаннан Германияға мұнай жеткізу үшін қандай бағыттар қарастырылып жатқанын айтқан еді.

Кейін «ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылы Германияға 1,2 млн тонна қазақстандық мұнайды жеткізу үшін «Транснефть» компаниясына өтінім берілгенін хабарлады.

Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, Германияға жылына 6 млн тоннаға дейін мұнай экспорттай аламыз.

Новости партнеров