2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан салымшыларының зейнетақы жинағының сомасы 13,1 триллион теңге болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«2021 жылдың қазанына қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шотында 13,1 триллион теңге зейнетақы жинағы қалыптасты. Бір жылда зейнетақы жинағының сомасы 569,5 миллиард теңгеге пара-пар немесе 5 % өсті»,– делінген хабарламада.
Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарнасы есебінен қалыптасты, оның мөлшері - 12,7 трлн теңге. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы бойынша зейнетақы жинағының сомасы 349,5 млрд теңге, ал ерікті зейнетақы жарнасы бойынша зейнетақы жинағының сомасы 1,6 млрд теңгеден асты. 2021 жылдың басынан бері салымшылардың шотына жалпы көлемі 1,2 трлн теңге зейнетақы жарнасы аударылған, былтырғы жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 439,5 млрд теңгеге немесе 57 пайыз жоғары. Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшыларына шамамен 2,1 трлн теңге төленді, төлемдердің басым бөлігін біржолғы зейнетақы төлемі (БЗТ) құрады, оның көлемі – 1,9 трлн теңге. Төлемдер сомасы бойынша екінші орында жасы бойынша төлемдер – 71,6 миллиард теңге. Одан әрі сақтандыру ұйымдарына аударымдар, ол шамамен 47,6 миллиард теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 43,3 миллиард теңге, Қазақстан Республикасынан тыс тыс тұрғылықты тұратын жерге кету– 29,1 миллиард теңге, жерлеуге – 4,0 миллиард теңге және мүгедектік бойынша төлемдер - 1,6 миллиард теңге.