Елімізде азық-түлік қымбаттап бара жатыр

Елімізде азық-түлік қымбаттап бара жатыр
Әсіресе, жарма өнімдерінің құны шарықтаған. Оған өндірістің төмендеуі әсер еткен көрінеді.
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Биылғы жылы қаңтар-қыркүйек айларының көрсеткіштері бойынша, елдегі жарма өндірісі 4,6 пайызға азайып, 58,3 мың тонна өнім шығарған. Мәселен, 2019 жылдың қазанында ұнтақ жармасының бағасы өткен жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда бір келі үшін 259 теңгеге артық болды. Ұнтақ жармасы Атырауда 398 теңге, Нұр-Сұлтанда 370 және Ақтауда 349 теңгеге қымбаттаған.


Өз кезегінде, тарының бағасы бір жылда бірден 61,3%-ға өсті.  Тарының ең жоғары бағасы Нұр-Сұлтанда, Атырауда және Семейде байқалады.

Ал қарақұмық жармасы бір жыл ішінде 6,7%-ға өсті, бір келі үшін 265,1 теңгені құрап отыр. Елімізде сондай-ақ, сұлы жармасы бір жылда 350 теңгеге дейін қымбаттаған. Ең жоғары баға Атырауда, Түркістанда және Алматыда тіркелген.


Өз кезегінде, арпа жармасының бағасы бір жыл ішінде 15,4%-ға артты. Мәліметтер Energyprom.kz порталынан алынды.


Жарма өнімдерінің бағасы

(2019 жыл қаңтар-қыркүйек)

4,6%                  58,3 мың тонна



Жарма өнімдерінің бағасы

ұнтақ жармасы  259,4 тг - 17,3%

Атырау 398 тг

Нұр-сұлтан 370 тг

Ақтау 349 тг



Жарма өнімдерінің бағасы

тары  61,3%       226,8 тг (стрелка) 365,9 тг

Нұр-сұлтан 515 тг

Атырау 456 тг

Семей 431 тг



Жарма өнімдерінің бағасы

қарақұмық жармасы 6,7%      265,1 тг

Нұр-сұлтан  392 тг

Ақтау 331 тг

Атырау 330 тг



Жарма өнімдерінің бағасы

арпа жармасы  15,4%      197,1 тг

Атырау  309 тг

Нұр-сұлтан 277 тг

Қостанай 247 тг


Новости партнеров