Қазақстанда күл-қоқыстан қуат алу жоспарлануда

Қазақстанда күл-қоқыстан қуат алу жоспарлануда
1 млн тонна қалдық сыятын полигон - 7,5 гектар жер, немесе 15 футбол алаңы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жыл сайын 1,5 млн тоннадан астам қалдықты кәдеге жаратудың жолын айтты. Айтуынша, жаңартылатын энергия көздерін тұрмыста пайдалану бөлігінде заңнамаға толықтыру енгізуді қолдауы еліміздегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының энергия сыйымдылығын төмендетуге мүмкіндік бермек, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұдан бөлек, министрлік қоқыстарды кәдеге жарату арқылы электр қуатын өндіріп шығару үшін инвестиция тарту мәселесін қарастырып жатыр екен.

«Негізгі кедергі инвестициялық тартымдылықтың төмендігі болып отыр. Осы мәселені шешу үшін қоқыс өңдейтін зауыттардан өндірілетін электр энергиясына жаңартылатын энергия көздерінің жасыл тарифін қолдануды ұсынамыз. Бұл шара полигондарда қоқыстарды көму көлемін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Жасыл тарифті енгізу кезінде біз жыл сайын 1,5 млн тоннадан астам қалдықты кәдеге жарата аламыз. 1 млн тонна қалдық сыятын полигон - 7,5 гектар жер, немесе 15 футбол алаңы», – деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ.

Новости партнеров