Шағын және орта бизнес өкілдеріне 20 миллионға дейін несие беріледі

Фото: ашық дереккөзден алынды
Фото: ашық дереккөзден алынды
Жыл қорытындысы бойынша аталған бағдарламалар шеңберінде 24 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілерін шағын несиелеумен қамту жоспарланып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Екінші жартыжылдықта «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде шағын несиелендіру іске қосылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында айтты. 

«Өткен жылы «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында бизнесті микрокредиттеудің жаңа бағыты басталды. Осы бағыт шеңберінде айналым қаражатына 5 млн-ға дейін және инвестициялық мақсаттарға 20 млн-ға дейін кредиттер беріледі», – дей келе, министр 5 млн теңгеге дейінгі қарыздардың басым бөлігі соңғы қарыз алушы үшін 6% мөлшерлеме бойынша кепілсіз негізде беріліп жатқанын атады. 

Әсет Ерғалиев жылдық мөлшерлемесі 6% болатын мұндай бюджеттік микрокредиттер «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде қалаларда да, ауылдарда да беріліп жатқанын еске салды. 

«Екінші жартыжылдықта «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде шағын несиелендіру іске қосылады. Бұл микрокредиттер «Бастау-Бизнес» түлектеріне «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы құратын Микроқаржы ұйымы арқылы берілетін болады. Жыл қорытындысы бойынша аталған бағдарламалар шеңберінде 24 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілерін шағын несиелеумен қамту жоспарлануда», – деді ведомство басшысы.


Новости партнеров