2021 жылдың соңына қарай кредиттердің жалпы үлесіндегі ипотекалық кредиттеудің үлесі тарихи ең жоғары көрсеткішке 18%-ға жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кредиттеудің жалпы көлемінде жеке тұлғаларды ипотекалық кредиттеу үлесінің тұрақтануы тұтынушылық кредиттеудің үлкен қарқынмен өсуіне және тиісінше корпоративтік кредиттермен салыстырғанда жеке тұлғаларды кредиттеудің барынша жоғары деңгейіне байланысты.
Жеңілдік берілген мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын жалғастыру, сондай-ақ азаматтардың зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалану тетігін іске асыру нәтижесінде 2021 жылдың қорытындысы бойынша ипотекалық қарыздар көлемі 3 322,1 трлн теңгеге жетті, бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 3.3 еседен артық. Бұл ретте жеке тұлғаларды кредиттеудің жалпы көлеміндегі ипотекалық кредиттеу үлесі 2015 жылғы 22%-дан 2021 жылдың соңына қарай 31%-ға дейін өсті.