Алматыда тауар мен қызмет нарығындағы монополияның жағдайы қандай

azh.kz
azh.kz
Талдау нәтижелері бойынша 21 үстем және 6 монополист анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда мұнай өнімдеріне қатысты тауар нарығына талдау жүргізілуде. Өйткені тиісті орган бекіткен бағадан қымбат сататын кәсіпкерлер анықталып жатыр. Бұл жөнінде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департамент өкілдері айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.


«Қазіргі таңда департаментпен республикадағы ең ірі бөлшек және көтерме саудада мұнай өнімдерін жеткізушіге қатысты дизель отынын  негізсіз шектеу белгілері бойынша тергеу амалдары аяқталды. Қазіргі таңда нарық субъектілерінің үлесін нақтылау мақсатында талдау амалдары жүргізілуде», – деді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті бөлімінің басшысы Әсел Зиядинова.

Естеріңізде болса, 2021 жылы мұнай өнімдерінің бағасы 300%-ға дейін өсіп, тоннасы 183 мың теңге болған еді. Агенттік қызметкерлері нарықтағы бағаны ретке келтіргеннен кейін мемлекетке 2,2 миллиард теңгеден астам шығын өтелді.

«Департамент осы жылы тауар нарығына 33 сараптама жасады. Оның ішінде мұнай өнімдері, көмір, электр энергиясы, сонымен қатар, сүт, қант, ас тұзы, күнбағыс майы секілді тауар бар. Сымсыз желі бағасы мен такси қызметінің жағдайын да бақылауға алдық. Талдау нәтижелері бойынша, 21 үстеме қосушы және 6 монополист анықталды. Онымен қоса, 37 хабарлама мен 17 нұсқама енгізіп, 21 тексеріс жүргіздік», – деді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысы Нұржан Уранхаев.

Новости партнеров