Бектенов: Қалдықтарды қайта өңдеп, кәдеге жаратудың тиісті механизмін әзірлеу қажет

Almaty TV
Almaty TV

Елдегі коммуналдық қалдықтар жерге көміліп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда коммуналдық қалдықтар жерге көміліп жатыр. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздің көптеген өңірлерінде олардың дұрыс жиналмай, шығарылмай жатқанын сынға алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл заттар қайта өңделмей қалуда. Үкімет басшысының айтуынша, министрлік пен өңірлер бұл жұмысты созбалаңға салып жіберді. Кәсіпорындардың көпшілігі қайталама шикізатты жинаумен, оны буып-түйіп, шетелге сатумен ғана айналысады. Премьер-министрдің айтуынша, қалдықтарды қайта өңдеп, түпкілікті өнім шығарып отырғандар аз.

– Жиналған қоқысты жерге көме салу, тіпті болмаса үйіп қою үйреншікті жағдайға айналды. Бұл елдімекендердің көркін бұзумен қатар, ешқандай санитарлық экологиялық нормаға сай келмейді. Аталған проблемаларды шешу үшін қалдықтарды жинаудан бастап қайта өңдеуге дейін кәдеге жаратудың тиісті механизмдерін әзірлеу қажет, – деді ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов

Үкімет отырысынан кейін ұйымдастырылған брифингте журналистер Астана қаласындағы қоқыстың тұрақты шығарылмайтынын, қалдықтар қаланың қақ ортасында үйіліп жатқанын айтты. Экология министрі Ерлан Нысанбаев қоқыстардың көзін жою бойынша арнайы жоспар дайындағанын мәлімдеді. Енді тек сол жұмысты жүргізу ғана қалып отыр.

– Бір ай бойы мегаполис пен шағын қалалардың билігімен қоқысты қайта өңдеу бойынша арнайы жоба әзірледік. Нәтиже беретініне сенімдімін. Себебі бұл бағытқа 200 миллиард теңге бөліп отыр. Мұндай ірі сома тәуелсіздік алғалы алғаш рет жұмсалмақшы. Сондықтан мәселені шешеміз. Тек уақыт керек, – деді ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.    

Оқи отырыңыз: Өнім бағасы қымбаттаған: Үкімет басшысы министрлер мен әкімдердің жұмысын сынға алды

Новости партнеров