|
05.02.2019 | 12:31
1384

Бақытжан Сағынтаев көппәтерлі үйлерде жер салығын алып тастауды ұсынды

Бақытжан Сағынтаев көппәтерлі үйлерде жер салығын алып тастауды ұсынды inform.kz

Ұлттық экономика министрлігі көппәтерлі тұрғын үйлердегі жер салығын алып тастау мәселесін қарастырсын. Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев осындай тапсырма жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бақытжан Сағынтаев Халықаралық паралимпиада комитетінің президенті Эндрю Парсонспен кездесті Бақытжан Сағынтаев алдымен  Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне мүделі мемлекеттік органдармен бірге мемлекеттік органдарда қазіргі бизнес процестерді түбегейлі қайта қарау жөніндегі шараларды әзірлеуды тапсырды.

«Ең алдымен қағаздан бас тартып, 2020 жылдан бастап толықтай электронды құжат айналымына көшу қажет.  Халыққа жүргізіліп жатқан реформалар туралы үнем ақпарат беріп, кері байланысты қамтамасыз етсін», - деді ол.

Сонымен қатар, Үкімет басшысы Ұлттық экономика министрлігіне көппәтерлі тұрғын үйлердегі жер салығын алып тастау мәселесін пысықтауды тапсырды.

«Ұлттық экономика министрлігі Қаржы министрлігімен бірге әлеуметтік төлемдерді есептеу және еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем түрінде оңайлату, жеке тұлғалар үшін жер салығы мен ондағы құрылысқа салынатын салықты жылжымайтын мүлікке салынатын бір салыққа қосу мәселелерін пысықтасын. Көппәтерлі тұрғын үйлерде жер салығын алып тастау мәселесін қарасын», - деді Бақытжан Сағынтаев.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир