|
12.02.2020 | 12:31
4856

Қаланы дамытуға арналған инвестициялар

Бүгін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қала инфрақұрылымын дамыту мәселелерін қарастырған бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

Қаланы дамытуға арналған инвестициялар almaty.tv

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Meridiam компаниясының Түркия мен Еуразия бойынша директоры Омри Гейнсбургпен қоғамдық көлік және коммуналдық инфрақұрылым, әлеуметтік маңызы бар құрылыс нысандарын салу бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың ынтымақтастық перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Meridiam компаниясы инфрақұрылымның орнықты нысандарын қаржыландыруды және ұзақ мерзімді басқаруды әзірлеуге маманданған жаһандық басқарушы компания болып табылады.

Ahsel Holding компаниясы тобының директорлар кеңесінің төрағасы Ахмет Хамди Аянмен болған кездесуде тұрғын үй нысандарын салу бойынша әңгіме өрбіді. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа заманауи тұрғын үйкешендерін, оның ішінде құрамына қажетті бүкіл инфрақұрылым енетін құрылыс жобалары көрсетілді.

Холдингке енетін компаниялар Қазақстанда бірқатар ірі нысандарды салды, оның ішінде «Интерконтиненталь Анкара» қонақ үйі, «Эдельвейс» пен «Ақкент» тұрғын кешендері бар.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир