Нұр-Сұлтанда Президенттің қатысуымен «Біргеміз» еріктілер фронт кеңсесінің ашылуы өтті

akorda.kz
akorda.kz
Енді еңбегімен ерекшеленген еріктілер мемлекеттік наградаларға ұсынылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елордада еріктілер тағы да бас қосты. Олардың бүгінгі ұраны - БІРГЕМІЗ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тағы да жастарға қолдау көрсетіп, еріктілер фронт кеңсесінің ашылуына қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Фронт офис - бұл бүкіл республика бойынша еріктілердің жобаларын үйлестіретін және қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын әдістемелік, ақпараттық оқыту орталығы. Енді еңбегімен ерекшеленген еріктілер мемлекеттік наградаларға ұсынылады. Шәкіртақыларының көлемі ұлғаяды. Олардың ізетті істері жұмыс өтіліне қосылады. Президент қайырымды жұмыспен айналысуды парызы санаған жастар еліміздегі көптеген түйткілдердің шешім табуына үлес қосатынына сенім білдірді.

Фронт кеңсенің ашылу барысында 7 салалық бағыттар бойынша алаңдар таныстырылды. Солардың бірі «Біргеміз: білім» жалпыұлттық жобасы. Олар олар 14 облыстың ауылдық жерлеріндегі орта мектептердің балаларын ҰБТ-ге дайындап ағылшын тілін үйретеді. өзге де мақсаттары туралы өздерінен естісек.

«1400 ерікті Қазақстанның 1400 ауыл аймақтарына барып оқушыларды тестілеуге дайындайды. Ағылшын тілін меңгеруге көмек көрсетеді. Компьютерлік сауатталықтарын арттырып, құқықтық білімдерін жоғарылатуға үлесімізді қосамыз. Біздің қатарымызға шетелдік еріктілер де қосылады деп ойлаймыз. Барлығы тегін түрде іске асады», – деді «Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасының еріктісі Мерей ЗЕЙНЕШ.

Айта кетейік, аймақтардағы еріктілерді де байланысқа шығып, жоспарларымен бөлісті. Президент олардың идеяларына қолдау білдірді. Студия мендегі бар ақпарат әзірге осы. толығырақ қортынды жаңалықтарымызда айтамыз.

Новости партнеров