Қазақстан үш жылдық бюджеттен бас тартуы мүмкін бе

© Sputnik / Абзал Калиев
© Sputnik / Абзал Калиев
Үш жылдық бюджетті орындау барысында тек бірінші базалық жыл ғана нақтыланып, түзетіледі, деді комитет төрағасы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова бюджетті жоспарлау әдістемесін өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Годунова республикалық бюджетті қазіргідей бірден үш жылға емес, тек бір жылға жоспарлауды ұсынды.

Айтуынша, бір жылдық бюджет нарық конъюнктурасының өзгерісіне жылдам жауап қайтаруға мүмкіндік береді.

"Біздің ойымызша, бюджетті бір жылға жоспарлауға оралу мәселесін көтеретін кез келді. Бұл ретте шешімдердің сабақтастығын қамтамасыз етіп, бизнес пен инвесторларға қабылданған міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қажет", - деді Годунова.

Ол әлемдегі экономикалық жағдай тұрақсыз, сол себепті бюджетті үш жылға егжей-тегжей сапалы жоспарлау мүмкін емес екенін айтты.

"Бәріне белгілі, үш жылдық бюджет жай ғана ресми рәсім болып қалды. Оны қалыптастыруға өте көп уақыт жұмсалады. Ал орындау барысында тек бірінші базалық жыл ғана нақтыланып, түзетіледі. Қалған жылдарға біз тіпті қарамаймыз да", - деді есеп комитетінің төрағасы.

Новости партнеров