Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті

nationalbank.kz
nationalbank.kz
Биыл ел экономикасының өсу болжамы 4,5 пайызға дейін көтерілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75 пайызға дейін азайтты. Осылайша биыл ел экономикасының өсу болжамы 4,5 пайызға дейін көтерілді. Бұл туралы еліміздің басты қаржы ұйымын басқарып отырған Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ұлттық банк төрағасы қаржы саясатына қатысты алдағы бірқатар болжам-жоспарын айтты. Оның ақпарынша, Қазақстанда қазір инфляция жайлап ырық берген сыңайлы. Бұл құбылыс жаңа жылдан кейінгі нарықтағы жағдаймен байланысты болып отыр.

– Үш ай қатарынан инфляциялық баяулау сақталып келеді. Ал айлық инфляция орташа жылдық мәннен жоғары қалыптасып отыр. Сыртқы инфляциялық жағдай бейтарап күйде. Инфляция қарқыны жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясаты, билік қабылдаған іс-шаралар мен жаһандық инфляциялық қысым мен басқа да факторлардың әлсіреуінен төмендеді, – деді ҚР Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов.

Банк төрағасының ақпарынша, елдегі жылдық инфляция өткен айда 9,5 пайызға дейін баяулаған. Бұл қаржы ұйымының жоспарлы болжамына сәйкес келді. Өзгеріс жинақтағы депозиттердің пайызына да әсер етуі мүмкін. Нақтысында мұндай шешімді банктердің өзі қарастырып, қаржы саясатына ыңғайлайтын көрінеді. Ұлттық банктың инвестициялық табысы ойдағыдай артса, балаларға төленетін ұлттық қор төлемі де өсуі мүмкін.

– Бұл сома өзгеруі мүмкін. Өйткені Ұлттық қордың кірістері өзгереді. 18-ге толғанға дейін берілетін төлем балалардың есепшотында сақталады. Ол тиісінше инвестициялық табысқа байланысты өсіп отырады, – деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова.

Оқи отырыңыз: 23 ақпанға арналған валюта бағамы

Новости партнеров